![Ауа райы: 1 маусымда елімізде жел күшейіп жаңбыр жауады, солтүстіктің кей жерлерінде үсік күтіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_61376.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің күшеюі күтіледі, шығыста бұршақ болуы ықтимал. Тек республиканың солтүстік-батысында жауын-шашынсыз болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: 1 маусымда елімізде жел күшейіп жаңбыр жауады, солтүстіктің кей жерлерінде үсік күтіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110766/)