![Ақылбек Жеменей – Мұхиттың әні «Көк айдай» (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_4124.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ой, қалқам, сен де көркем, мен де көркем,
Қосылса екі көркем болады еркем.
Дөңбекшіп төсегімде жата алмаймын,
Есіме сен түскенде, сұлу еркем.
Қайырмасы:
Бір ағашта екі алма,
Мен де алмаймын, сен де алма.
Менің досым сен болсаң,
Оймақ ауыз, күлім көз,
Мен кеткенде сен қалма.
Ой, көк айдай, көк айдай
Сүйген сәулем -
Қыз қайда-ай.
Ой, қалқа, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай,
Қосылса екі ақ маңдай шам жаққандай.
Төбесі сұлулардың көрінгенде,
Аяқты баса алмаймын жын қаққандай.
Қайырмасы:
Бір ағашта екі алма,
Мен де алмаймын, сен де алма.
Менің досым сен болсаң,
Оймақ ауыз, күлім көз,
Мен кеткенде сен қалма.
Ой, көк айдай, көк айдай
Сүйген сәулем -
Қыз қайда-ай.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақылбек Жеменей – Мұхиттың әні «Көк айдай» (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110927/)