![Жуырда «Балапан» телеарнасы эфирінен жаңа - «Шынықсаң – шымыр баласың!» атты бағдарлама шығады (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_4789.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Балапан» телеарнасы балаларға арналған жаңа спорттық-танымдық бағдарлама ұсынады. «Шынықсаң – шымыр баласың!» бағдарламасы қарапайым және қызықты болмақ.
Әр бағдарлама түрлі жаттығулар мен спорт түрлеріне арналады. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлеріне құралған жаттығулар болады. Оның ішінде асық ойындары (ханталапай, шеңбер ойыны), алтыбақан, арқан тарту элементтері бар.
Сондай-ақ, жүргізуші спорт түрлеріне қатысты толыққанды мағлұматтармен бөліседі.
«Шынықсаң - шымыр баласың!» бағдарламасының мақсаты - бүлдіршіндерге шыныққан бала шымыр болатынын түсіндіріп, дене шынықтырудың қаншалықты маңызды екенін үйрету.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жуырда «Балапан» телеарнасы эфирінен жаңа - «Шынықсаң – шымыр баласың!» атты бағдарлама шығады (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/110956/)