![Ұлттық Банкі бір айда 728 млн долларға интервенция жасады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1367.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ұлттық банк ішкі валюта нарығында мамыр айында 728 млн долларға интервенция жүргізген. Яғни валюта бағамының күрт өзгермеуіне үлесін қосқан. Дегенмен бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,1 пайызға аз. Сондай-ақ, соңғы уақытта тұрғындар да шетелдік валютаны жаппай сатып жатыр. Халық бір айдың ішінде 184 млн долларды теңгеге айырбастапты.
О.АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық Банкі бір айда 728 млн долларға интервенция жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/11096/)