Сауд Арабиясы басқаратын коалициялық күштердің Йеменнің солтүстігінде орналасқан Хадджа провинциясындағы ауруханаға жасаған әуе шабуылының салдарынан кемінде 25 бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды.
Бұл туралы елдің «аль-Масира» телеарнасы хабарлады.
Таратылған мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар арасында дәрігерлер, медбикелер мен балалар бар. Айта кетсек, әуе шабуылы жасалған аурухананы «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымы басқарады.