![Айқын Төлепбергеннің «Мәңгілік ел - Қазақстан» атты концертін көріңіз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_6339.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елімізге танымал жас әншілерінің бірі Айқын Төлепберген бүгінде тыңдарманын тапқан өнерпаз. «Superstar.kz» мегажобасында алғаш рет үлкен сахнаға шығып, көпшілікке таныла бастады. Кейін тележүргізушілік қырымен де көрінді.
Әншінің «Пах-пах», «Алтыным», «Ерке қыз» «Ең алғашқы» сынды әндері халықтың көңілінен шығып, шетінен хит болған туындылар.
Осыдан біраз уақыт бұрын әншінің «Мәңгілік ел - Қазақстан» атты шығармашылық концертінде Айқынның сахнадағы 12 жыл ішінде орындаған әндерінің үздіктері халық назарына ұсынылды.
Бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:40-та «Мәңгілік ел - Қазақстан» концертін тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Айқын Төлепбергеннің «Мәңгілік ел - Қазақстан» атты концертін көріңіз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111073/)