![Елбасы «G-20» саммитінде шетелдік делегация басшыларымен кездесу өткізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_6778.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «G-20» саммиті аясында шетелдік делегация басшыларымен кездесу өткізді.
Мемлекет басшысы Аргентина Президенті Маурисио Макримен амандасып, Бразилия Президентінің міндетін атқарушы Мишель Темермен және Ұлыбританияның Премьер-Министрі Тереза Мэймен танысып, азды-кем сұхбаттасты. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Германия канцлері Ангела Меркельмен, Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен және Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туспен әңгімелесті.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы «G-20» саммитінде шетелдік делегация басшыларымен кездесу өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111129/)