![Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэйді елімізге сапармен келуге шақырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_6783.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэймен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Тереза Мэй елдер арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылады, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Д.Кэмеронның Премьер-Министр болған кезінде өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтіп, Т.Мэйді елімізге сапармен келуге шақырды.
akorda.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэйді елімізге сапармен келуге шақырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111131/)