![Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_6782.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы G20 саммиті аясында Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланысты нығайту перспективалары қарастырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар еліміз бен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің маңыздылығын атап өтіп, қарым-қатынастың одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111134/)