![Қарағанды және Қостанай облыстарында түнде үсік жүруі ықтимал](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_7483.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
13 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр, ұйытқыған жел сақталады.
Батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыстың бірқатар аймағында тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Түнде Қарағанды облысы аумағында 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. Қостанай облысында ауа райы 1-3 градусқа төмендейді.
Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстанның біраз аймақтарында, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды және Қостанай облыстарында түнде үсік жүруі ықтимал&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111198/)