![ТМД сыртқы істер министрлерінің келесі кеңесі Ташкентте өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_7826.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ТМД сыртқы істер министрлерінің келесі кеңесі 2017 жылы Ташкентте өтеді. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитет төрағасы Сергей Лебедев Бішкектегі СІМК отырысында айтты.
«Сыртқы істер министрлерінің кезекті кеңесін 2017 жылы 7 сәуірде Ташкентте өткізу жөніндегі шешім қабылданды», - деп хабарлады Лебедев.
Сондай-ақ, ол СІМ басшылары ТМД сыртқы саяси ведомстволарының жұмысы бойынша бірқатар жобаны мақұлдағанын жеткізді. Олардың ішінде - терроризммен бірлесіп күресу мен одақтың заманауи жағдайына бейімделу шаралары.
Еске сала кетейік, ТМД сыртқы істер министрлерінің саммиті бүгін Бішкекте өтуде.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ТМД сыртқы істер министрлерінің келесі кеңесі Ташкентте өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111234/)