![Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласына келді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_8015.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келді. Сапары аясында Елбасы әуежай мен әуе вокзалы ғимараттарын қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысына ұшу-қону жолағын жаңарту жұмысы, әуежайды және өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту перспективалары туралы баяндалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласына келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111273/)