![Евгений Кочетов Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/9/article_9040.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК-нің ұжымына жаңа басшысы Евгений Кочетовті таныстырды.
Кочетов Евгений Дмитриевич 1988 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика магистрі.
«Қазконтент» АҚ-ның «Kaztube» порталына басшылық еткен. «Informburo», «Vlast» агенттіктерінің экономикалық шолушысы, «Kazakhstan real estate group» басқарушы директоры, «Цесна» Корпорациясы» АҚ девелопмент бөлімшесінің жетекшісі қызметтерін атқарды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Евгений Кочетов Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111382/)