![Алматыда Батырхан Шүкеновке ұқсас жандарға кастинг ұйымдастырылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/9/article_9317.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Батырхан Шүкеновтың атындағы қоғамдық қор «Аманат» әнінің бейнебаянына ерлер арасында кастинг ұйымдастырмақшы. Актерлерді іріктеу 12 қазанда Алматыда өтеді.
«Ерлерге арналған талап:
- сырт келбеті Батырхан Шүкеновке ұқсас болуы қажет;
- «Аманат» әнін жатқа білуі шарт;
- жасы 10-45 аралығындағы болуы керек»,-деп жазады қор директоры Олжас Байқанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Үміткерлер түйіндемелері мен фотосуретін ала келгені жөн. Актерлер болашақта Батыр туралы көркем фильмге де түсіп қалуы мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Батырхан Шүкеновке ұқсас жандарға кастинг ұйымдастырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111410/)