![Қазiргi уақытта ата-аналардың тек 10-12 пайызы мектептегi жиналысқа қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/9/article_9335.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгiн қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесi талқыланған Үкiметтiң отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Еңбек кодексiн қатаң ұстанып, ата-аналарды жұмыстан уақытында жiберудi ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz.
«Ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегi рөлi және жауапкершiлiгi төмендеп кеттi. Ата-аналар үнемi жұмыста болғандықтан, бала тәрбиесiмен айналысуға уақыты болмайды. Оның iшiнде мемлекеттiк қызметкерлер де көп. Қазiргi уақытта ата-аналардың тек 10-12 пайызы мектептегi жиналысқа қатысады. Бiздiң есебiмiз бойынша, ата-аналардың 50 пайызы 11 жылдың iшiнде мектепке келмейдi»,-деп алаңдаушылық танытты Е.Сағадиев.
Министрдiң айтуынша, ата-аналарды сағат алтыдан кейiн үйлерiне, бала-шағасына уақытында жiберу практикасын бастау қажет.
«Ата-аналардың жұмыста үнемi кешiгуiнiң әлеуметтiк бағасы жоғары, салдарынан балалар зардап шегедi»,-дейдi ол.
«Еңбек кодексiн қатаң ұстанып, ата-атаналарды үйге ертерек жiберу керек. Мұны мемлекеттiк органдардан бастаған жөн»,-деді министр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазiргi уақытта ата-аналардың тек 10-12 пайызы мектептегi жиналысқа қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111411/)