![Банктер төлемдерді қабылдау уақытын қысқартады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_2017.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елдегі банктер төлемдерді қабылдау уақытын қысқартады. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, банктерде төлемдерді орындау мерзімі екі күнге дейін, ал келер жылдың 1-маусымынан бастап күнбе-күн жүргізілетін болады.
Бұдан бөлек, банк қызметкері төлем жасалмас бұрын тұтынушыны тарифтермен толық таныстыруға міндеттеледі. Оның үстіне тұрғындардың қатысуынсыз, яғни, келісімде көрсетілген тарифтерге біржақты өзгертулер енгізуге тыйым салынады.
Оңғарбек АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Банктер төлемдерді қабылдау уақытын қысқартады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/11150/)