![Бақытжан Сағынтаев пен Карен Карапетян сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_10101.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу аясында Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік жүк қатынасы, инвестициялар, туризм және 2017 жылы Қазақстан-Армения бизнес форумын өткізу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, Б. Сағынтаев пен К. Карапетян ЕАЭО аясында алдағы өзара іс-қимылды қарады.
Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Ереванға барды.
primeminister.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бақытжан Сағынтаев пен Карен Карапетян сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111548/)