![Жуырда «Балапан» телеарнасынан «АВС+» бағдарламасының жаңа маусымы шығады (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_10952.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Балапан» телеарнасы бәсекеге қабілетті үш тілді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «АВС+» бағдарламасының жаңа маусымын көрермендерге ұсынбақ. Жаңа шығарылымдағы басты жаңалық - балаларға ана тілі мен ағылшын тілін тереңдете оқытады, сондай-ақ, орыс тілін жетік меңгеруге шақырады.
Бағдарламаны Әзімхан Ахмет жүргізіп, сондай-ақ, «Сөздік» мультипликациялық кейіпкері өткізеді. «ABC+» арқылы бала ойнау, ойлау арқылы жаңа әдістемемен ағылшын тілін жылдам меңгереді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жуырда «Балапан» телеарнасынан «АВС+» бағдарламасының жаңа маусымы шығады (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111685/)