![Шахаризат Сейдахмет: «Туған топырақ» әніне бейнебаянды 7 мың шақырым жолды аралап жүріп түсірдік](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_11647.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2014 жылғы «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.
Сондақ-ақ, таңғы бағдарлама қонағы - продюсер Бақытжан Желдербаев.
Қос өнерпаз студияда жуырда ғана бейнебаяны түсірілген «Туған топырақ» әнін орындады.
Бұл - екі өнерпаздың бірігіп орындаған алғашқы әндері. «Бейнебаянды 7 мың шақырым жолды аралап жүріп түсірдік. Тыңдарманның жақсы бағасына ие болуда. Фольклорға жақын болғандықтан, осы әнді таңдадық», дейді олар.
Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= Шахаризат Сейдахмет: «Туған топырақ» әніне бейнебаянды 7 мың шақырым жолды аралап жүріп түсірдік&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111792/)