![Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жақсарту жайы айтылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_11865.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысы барысында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласының негізгі бағыттары туралы баяндады.
Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау саласының алдағы 4 жылға арналған стратегиялық жоспары: 2020 жылға қарай халықтың өмір сүру ұзақтығын күтіліп отырған 73 жасқа дейін ұзарту, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және басқару жүйесін жақсарту.
Айта кетейік, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша әлемнің дамыған 30 елінің (ЭЫДҰ) деңгейіне сәйкес азаматтардың денсаулығының көрсеткіштеріне жоспарлы қол жеткізу мақсатында әзірленді.
primeminister.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жақсарту жайы айтылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111836/)