122 жыл бұрын ақын, жазушы, драматург  Бейімбет Майлин  дүниеге келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

122 жыл бұрын ақын, жазушы, драматург  Бейімбет Майлин  дүниеге келген

15.11.2016
122 жыл бұрын ақын, жазушы, драматург  Бейімбет Майлин  дүниеге келген

15 қараша, сейсенбі, 2016 жыл

Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні

Теңгенің айналымға енген күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы қарашаның 13-дегі Жарлығымен Ұлттық валюта күні, еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды. Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері Сауық Тәкежанов еді.


Дүниежүзілік географиялық ақпараттық жүйе күні (Дүниежүзілік ГАЖ күні)

Бірқатар американдық ірі компаниялар мен ұйымдардың (Ұлттық географиялық қоғам, USGS, Sun Microsystems, Hewlett-Packard, ESRI және т.б.) шешімімен ГАЖ күні жыл сайын аталып өтеді. Мейрам төңірегінде, апта ішінде әр түрлі мерекелік шаралар өтеді.
 

Түрмедегі жазушылар күні

Бұл мерекені 1981 жылы сөз еркіндігіне өз құқықтарын пайдаланғаны үшін ғана түрмеде отырған барлық жазушылар туралы жұртшылықты хабарлар ету үшін Халықаралық ПЕН-клуб құрды.  

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

111  жыл бұрын (1905) Қарқаралы қаласында самодержавиеге қарсы шеру болды, оған жұмысшылар, шаруалар, сарбаздар, ауылдан және уез болыстарынан келген қазақ жігіттері қатысты

75 жыл бұрын (1941) Алматы киностудиясы соғыс басталуына орай Қазақстанға көшірілген «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларымен қосылып, Орталық көркем фильмдер киностудиясы бірлестігі (ЦОКС) құрылды. Онда кино өнерінің шеберлері С.Эйзеншейн, Л.Трауберг, С.Юткевич, Ф.Эрмлер, Н.Черкасов, М.Жаров, Л.Орлова қызмет жасады.

25 жыл бұрын (1991) Ақмола қаласында Қазақ музыкалық драма театры Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясымен ашылды. Театрдың ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері Ж.Омаров болды.

24  жыл  бұрын (1993) Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы енгізілді.   

17 жыл бұрын (1999) құны бес мың теңге банкнот айналымға шығарылды.

12 жыл бұрын (2004) «Экоправда» газетінің - Қазақстандағы тұңғыш экологиялық газеттің 500-інші шығарылымы жарық көрді.

Бір жыл бұрын (2015) Қазақстанда «ОҢ-ТВ» жаңа арнасы эфирге шықты.

123   жыл  бұрын (1893)   Швейцарияның ең атақты футбол клубтарының бірі - «Базель» клубының негізі қаланды.

112  жыл  бұрын  (1904)   ауыстыратын лезвиялармен ұстара патенттелді. Оның иегері - америкалық Кинг Кемп Жиллетт.

82  жыл бұрын (1934) КСРО-да алғашқы дыбысты телебағдарлама көрсетілді. Қашықтан бейнелі хабар көру адамзаттың ежелден арманы болған. Телевидение пайда болу үшін кино мен радио бірігуі қажет болды.

 

ЕСІМДЕР

154 жыл бұрын (1862-1946) неміс драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты Герхард ГАУПТМАН дүниеге келді.

127   жыл бұрын (1889-1954) режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ЛЕОНОВ-ВЕНДРОВСКИЙ Леонт Владимирович дүниеге келген.

122 жыл бұрын (1894-1938) ақын, жазушы, драматург  Бейімбет (Бимұхамед) Жармағамбетұлы МАЙЛИН  дүниеге келді.

116 жыл бұрын (1900-1974) ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері  Шынқожа Байекенұлы БӨРІБАЕВ  дүниеге келді.

110 жыл бұрын (1906-1995) ақын, жазушы, аудармашы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қостанай қаласының құрметті азаматы  Мәриям ХАКІМЖАНОВА  дүниеге  келді.

106 жыл бұрын (1910-1997) көрнекті кеңес спортшысы, футбол жаттықтырушысы Михаил ЯКУШИН дүниеге келді.

106 жыл бұрын (1910-1999) тау-кен инженері, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы  Мұхит Кұлжанұлы БӨПЕЖАНОВ  дүниеге келді.

101 жыл бұрын (1915-1973) педагог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Кеңес одағының батыры, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты  Мәлік ҒАБДУЛЛИН дүниеге келді.

98 жыл бұрын (1918-1995) жазушы  Әбжаппар ЖЫЛҚЫШИЕВ  дүниеге келді.

98 жыл бұрын (1918-1994) педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Ғабдолла Әшімханұлы МЕЙРАМОВ  дүниеге келді.

94 жыл бұрын (1922-2002) прозашы, драматург  Садықбек  АДАМБЕКОВ  дүниеге келді.

90 жыл бұрын (1926-2002) Кеңес одағының батыры, Павлодар қаласының құрметті азаматы, «Даңқ» орденінің толық иегері Петр Васильевич ПЕШИН  дүниеге келді.

86 жыл бұрын (1930-2000) Қазақстанның қоғам және саяси қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Әнет Иманақышұлы БЕКТЕМІСОВ  дүниеге келді.

82 жыл бұрын (1934) онколог ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қани Жұмкенұлы МҰСЫЛМАНБЕКОВ  дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1936) балалар жазушысы, аудармашы  Қастек  БАЯНБАЙ  дүниеге келді.

68 жыл бұрын (1948) ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Жанғара ДӘДЕБАЕВ  дүниеге келді.

66 жыл бұрын (1950) жазушы, драматург, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Өмірбек БОРАНБАЕВ дүниеге келді.

63 жыл бұрын (1953) тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Әбдеш ТӨЛЕУБАЕВ  дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу