![30 қарашада елордада ASTEX Astana Smart City Халықаралық форум-көрмесі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_12366.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
30 қарашада Астанада Оқушылар сарайында ASTEX Astana Smart City-2016 халықаралық форум-көрмесі өтеді.
Шараның негізгі мақсаты - барлық ресурстардың, тұрғындардың қажеттіліктерінің жан-жақты тепе-теңдігін қамтамасыз ететін қалалық инфрақұрылымның интеллектуалды дамуына ықпал ететін «ақылды қалаларды» құру мәселелерін талқылау.
Форум-көрмеде АТ компаниялардың жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыру, SchoolBus «Smart мектеп», «Smart емхана», e-ПИК; 109 қызметі, Ұлттық ГАЖ жүйесін құру; Smarttracking және т.б. АКТ-жобалары ұсынылады.
Бұдан басқа, ASTEX Astana Smart City: «Сынақтар, перспективалар және стандарттау» конференциясын өткізу жоспарланған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Конференцияда екі сессия өтеді: олардың бірі ақылды қалалар мен стандарттарды құруға арналған, ал, екіншісі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған смарт шешімдерді анықтайды.
Форумда «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Әлнұр Ермағамбетов Қазақстан елордасында «AstanaSmartCiti-жобалар» бағдарламасын жүзеге асыру жайлы айтып береді. «Ақылды қаланы» құрудағы маңызды смарт шешім - Ұлттық геоақпараттық жүйе мемлекеттік жобасы. Бұл жоба жайында «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің ҰГАЖ жобасының жетекшісі Қуат Сағадиев толық мәлімет береді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=30 қарашада елордада ASTEX Astana Smart City Халықаралық форум-көрмесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111921/)