![«Балапан» телеарнасы жас таланттарды іздейді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_12492.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Балапан» телеарнасының ұйымдастыруымен талантты балалар арасында жаңа ««Балапан» жүлдесі» жобасы болады. Балалар бәйгесіне республикалық, халықаралық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінген 5-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Аталмыш байқауға қатысу үшін мынадай ақпараттар қамтылуы керек:
- Қатысушының аты-жөні;
- Фотосурет (jpeg., 1000 px.)
- Марапат, Алғыс хаттар (скан.нұсқа)
- Медальдар (суреті)
Талантты балалар мен кішкентай қаһармандар туралы ақпаратты 28 қарашаға дейін balapantv@kaztrk.kz электронды мекенжайына жолдаңыздар немесе Instagram желісінде #БалапанЖүлдесі хэштегін белгілеп, мәліметтеріңізбен бөлісулеріңізге болады.
Айта кетейік, «Балапан» жүлдесі - жас дарындарды іздеу мақсатында алғаш ұйымдастырып отырған ауқымды жоба.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Балапан» телеарнасы жас таланттарды іздейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/111945/)