Наурыз айындағы мерекелерде қанша күн демаламыз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз айындағы мерекелерде қанша күн демаламыз?

19.01.2017
Наурыз айындағы мерекелерде қанша күн демаламыз?

Барша қазақстандықтарды толғандыратын бір ғана сұрақ бар. Ол Наурыз айында неше күн демалатынымыз. Жақында Қазақстан Үкіметінде 2017 жылғы мереке күндерін ауыстыру бойынша  Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Жарлыққа қол қойды.

Наурыз айындағы мерекеге орай қазақстандықтар 5 күн (19 наурыз жексенбіні қоса есептегенде) демалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, 18 наурыз – бұл жылы жұмыс күні (шешім бойынша), 19 наурыз – жексенбі, 20 наурыз – дүйсенбі, 21 наурыз – сейсенбі, 22 наурыз – сәрсенбі және 23 наурыз – бейсенбі - демалыс күндер.  24 наурыз – жұма – жұмыс күні. Сондай-ақ, тағы екі күн демалыс.

Еске салайық, мереке күндерін ауыстыру  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалды.

Айта кету керек, шешімге сәйкес қазақстандықтар Астана күнін 6-ыншы шілде (бейсенбі) және 7 шілде (жұмыс) күндері атап өтеді. Сондай-ақ, қазақстандықтар 8-9 шілде күндері (сенбі және жексенбі) демалады.

 

Хабарламаларға жазылу