![16 қаңтарда Ұлттық арнада техникалық үзіліс жарияланады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_14495.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазтелерадио» АҚ Ұлттық телерадио тарату желісінің техникалық орталығының 2017 жылға арналған жоспарлы-профилактикалық жұмыстары мен бақылау өлшемдерінің кестесіне сәйкес, 2017 жылдың 16 қаңтарында сағат 03:00-17:00 және 17 қаңтар сағат 14:00-16:00 аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның техникалық құралдарында тоқсандық бақылау жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 16 қаңтар сағат 03:00-17:00 аралығында «Қазақстан» ҰТА, «Балапан» және «Kazsport» телеарналарында техникалық үзіліс болады.
Ал, 17 қаңтарда сағат 14:00-16:00 аралығында «Қазақстан» Ұлттық арнасының аналогтық хабар тарату жүйесінде бақылау жұмыстары жүргізіледі.
«Отау ТВ» желісі арқылы көрсетілетін «Қазақстан» Ұлттық арнасы 17 қаңтар 14:00-16:00 аралығында әдеттегідей хабар таратады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=16 қаңтарда Ұлттық арнада техникалық үзіліс жарияланады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112201/)