![Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг – «Бүгін жексенбіде» қонақта](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_14604.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Осы аптада «Бүгін жексенбі» бағдарламасының қонақтары:
- Өнердегі апалы-сіңлі Жазира, Назира, Ләззат Байырбековалар
- Галбадрах Отгонцэцэг - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. 11-12 ақпан күндері Франция елінің астанасы Парижде өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысады. Ол - ұлттық құрамада қыздар арасында қатысатын жалғыз спортшы.
- Алина Ахмет - Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы. «Ақылды үй» жобасының авторы. Дүниежүзілік зияткерлік меншік үйінің байқауында бас жүлдені жеңіп алған.
- Одан басқа, Сіздер төмендегі тақырыптағы сюжеттерді тамашалай аласыздар:
- 20 қаңтардан бастап ресейлік маман Елена Сергеевна суретке түсу мен түсірудің шеберлік сыныбын өткізеді.
- 21 қаңтарда елордада жыл сайын жасақталатын балаларға арналған «ЮНИОР» футбол клубы өз жұмысы бастайды. Қазірдің өзінде 50-ге жуық болашақ футболшылар жиналған.
- Әлемдегі ең қуатты 8 қару.
- «Ақерке, мен сені сүйемін...» атты отандық жаңа туынды 2 ақпанда көпшілікке жол тартпақ. «Галактика сақшылары» мультфильмі қазақ тіліне дубляждалды.
- Кітапты жылдам оқу әрі есте сақтаудың технологиясын үйрететін орталық. Күрделі сандар мен деректерді қалай тез жаттап, есте сақтауға болады?
22 қаңтар cағат 09:30-да Ұлттық арна қосулы болсын!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг – «Бүгін жексенбіде» қонақта&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112208/)