![Әкім Ысқақ: Тегімнің өзгеріп кеткенін өзім де білген жоқпын... (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_15168.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мектеп қабырғасында сегіз жыл бойы Сұлтанұлы болып өскен Әкім Ысқақ тегінің бір-ақ күнде қалайша Ысқақов Әкім Әбдіқайымұлы болып өзгеріп кеткені турасында айтып берді.
«Бірінші сыныптан бастап тегім Сұлтанов болды. Атамның атында жүрдім. Оның өзгеріп кететінін өзім де білген жоқпын. Себебі, туғаннан ата-әжемді ата-анам деп, әкемді ағам деп өстім. Қазақы тәрбие ғой. Сегізінші сыныпта комсомолға өттім. Сол кездері атам да қайтыс болды. Қабырғам қайысып жүргенде, комсомол билетін алуға бардым. Қарасам, аты-жөнім «Ысқақов Әкім Әбдіқайымұлы» деп жазылыпты. Үйге жеткенше жылап келдім...»
Бүгін «Сенбілік таң» отбасылы-танымдық бағдарламасы қоғам қайраткері, ақын, сазгер, ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің бас инспекторы Әкім Ысқақтың отбасында қонақта болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әкім Ысқақ: Тегімнің өзгеріп кеткенін өзім де білген жоқпын... (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112278/)