![Түркіменстанда президенттік сайлау басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_15411.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Түркіменстанда 07:00-де (Астана уақыты бойынша 08:00) президенттік сайлауды өткізу үшін сайлау учаскелері жұмысын бастады, деп хабарлайды РИА Новости.
Дауыс беру кешкі 19:00-ге дейін жалғасады. Елде Президент сайлауын өткізу үшін 2587 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 39-ы Түркіменстанның шет елдердегі дипмиссиясында ашылған. Дауыс берушілердің саны - 3223455 адам.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркіменстанда президенттік сайлау басталды &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112310/)