Ертеңнен бастап «Қызық екен...» жобасы көрерменге жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңнен бастап «Қызық екен...» жобасы көрерменге жол тартады

13.02.2017
Ертеңнен бастап «Қызық екен...» жобасы көрерменге жол тартады

14 ақпан күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Қызық екен...»  жобасы көрерменге жол тартады.

Бұл – жоба қатысушыларының Қазақстан және әлем туралы қызықты фактілерге қатысты білім деңгейін анықтайтын ойын-сауықтық телевикторина. Жоба кез келген көрерменге қызықты, жеңіл әрі көңілді.

Қатысушылар екі топқа бөлініп, 12 тақырып бойынша өзара бақ сынайды.  Әр сұраққа үш жауап нұсқасы бар. Дұрыс жауап үнемі сюжет, графика немесе анимация түрінде беріледі. Сұрақтар сан алуан.

«Қазақстан» Ұлттық арнасынан сейсенбі-жұма аралығында сағат 18:20-да «Қызық екен...» жобасын өткізіп алмаңыз!

Хабарламаларға жазылу