Қытайдағы ауқатты жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді қолдаудың ерекше әдісін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы ауқатты жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді қолдаудың ерекше әдісін тапты

17.02.2017
Қытайдағы ауқатты жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді қолдаудың ерекше әдісін тапты

Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері әрі досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, қытайлық жанкүйерлер мен тыңдармандар  «I am a Singer» байқауына қатысып жатқан қазақстандық әншіге кеңінен қолдау көрсетіп жатыр.

«Мұндай ерекше қолдау өнер адамына баға жетпес шабыт сыйлайды», - дейді ол.

Қытайдағы ауқатты жанкүйерлер Димашқа қолдау көрсету мақсатында ғимараттардың сыртына жарық шамдармен көмкерілген, әншінің аты жазылған билборд іліп қойған. 

пе

Сонымен қатар, оның айтуынша, қытайлық IT-мамандар Димаштың смартфондарға арналған бағдарламасын ойлап тапқан. 

ьтпбье

«Әрине, кез-келген өнер адамы үшін осындай сыйлықтар ерекше көңіл-күй сыйлайды. Димаш өзінің жанкүйерлерін шынымен де жақсы көреді», - дейді әншінің PR-директоры.

Сондай-ақ, Димаштың суреті бейнеленген қазақ тілінде «Мен сені сүйемін» деген жазуы бар сыйлық салғыш қаптар да кеңінен таралып жатыр екен.

рьпепр

 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген қатысып жатқан байқаудың бесінші кезеңі әдеттегідей сенбіде Hunan TV арнасында Астана уақытымен сағат 20:05-те  көрсетіледі. Әнші Bruno Mars репертуарынан "Uptown Funk" әнін орындайды. 

tengrinews.kz

Хабарламаларға жазылу