![Қазақстанда жаңа Кеден кодексі әзірленеді - Тимур Сүлейменов](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_15721.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл Қазақстанда жаңа Кеден кодексі әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
«Ұлттық кедендік заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексімен сәйкестендіру мақсатында биыл ЕАЭО-ның Кедендік кодексімен сәйкестендірілген жаңа ұлттық Кедендік кодекс әзірленеді», - деп атап өтті ол министрліктің алқа отырысында.
Жаңа құжат кедендік декларациялау мерзімін азайтады, әкімшілік кедергілердің көлемін кемітеді, сондай-ақ, заманауи теxнологиялардың енгізілуіне ықпал жасайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда жаңа Кеден кодексі әзірленеді - Тимур Сүлейменов&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112350/)