![Елордада «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық бәйгесінің марапаттау салтанаты басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_16229.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін сағат 17:00-де «Қазмедиа» орталығында «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық бәйгесінің марапаттау салтанаты өтеді. Қатысушылар қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті.
Байқауға еліміздің әр түкпірінен 200-ден астам журналист өтінім білдірген. Жабық дауыс беру нәтижесінде тек 48 жұмыс іріктеліп алынды.
Қазылар алқасы медиа саласы бойынша танымал 13 тұлғадан тұрады. 12 аталымның әрқайсысы бойынша 4 жеңімпаздан анықталмақ.
Жоба ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі және «Қазмедиа» орталығының қолдауымен отандық телевизия тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық бәйгесінің марапаттау салтанаты басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112383/)