![1 сәуірден бастап «Қазақстан» және «Балапан» телеарналарында «Тәй-тәй шоу» атты жоба басталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_16504.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 сәуірден бастап «Қазақстан» және «Балапан» телеарналарында жапондық «Go Baby Go» телебағдарламасының аналогы ретінде жасалған «Тәй-тәй шоу» атты жоба көрерменге жол тартады.
«Тәй-тәй шоу» - бұл 1-3 жас аралығындағы балалар ата-аналарының көмегімен өзара жарысқа түсетін ойын-сауықтық бағдарлама. 30 минутқа созылатын әр бағдарламада жас ерекшелігі бойынша бөлінген 3 конкурстық кезең болады.
Бағдарламаның мақсаты – отбасы құндылықтарын арттыру, «балалар – болашағымыз» екенін ұмытпау.
Бағдарламаны «Қазақстан» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 12:00-де, ал, «Балапан» телеарнасынан сағат 20:55-те тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=1 сәуірден бастап «Қазақстан» және «Балапан» телеарналарында «Тәй-тәй шоу» атты жоба басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112413/)