«Сенбілік таң» бағдарламасы өмірсүйгіш, өнерсүйгіш дарынды азамат, дәстүрлі әнші, эстрада әншісі Өмірқұл Айниязовтың шаңырағында қонақта болды.
Бағдарлама барысында әнші отбасы мүшелерімен таныстырып, өнер жолына қалай келгендігімен бөлісті.
«Мен өзім 8 айлығымнан бастап ата-әжемнің қолында өскенмін. Бастауыш мектеп бітіргенге дейін сол кісілердің қолында болдым. Одан кейін әке-шешемнің қолына келіп, оқуымды жалғастырдым. Әли атам біздің үйде барлық ер адамдардың есімдерін Ө әріпінен бастап қойған. Мысалы, әкем–Өтеген, одан кейін Өтепберген, Өтеміс, Өтемұрат және алғашқы немересін мені Өмірқұл деп қойған», дейді әнші.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Сенбілік таң» әнші Өмірқұл Айниязовтың шаңырағында қонақта&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112441/)