«Сенбілік таң» бағдарламасы ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның отбасында қонақта болды. Әнші отбасы мүшелерімен таныстырып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.
«Мен қазір ұстаздыққа ауыстым. 2 жылдай болды Қыздар педагогикалық университетінде сабақ беремін. Әншілерді дайындап жатырмын. Шәкірттеріммен бірігіп концерт беру жоспарда бар», - дейді ол.
Сонымен қатар, Гүлнәр Сиқымбаева бағдарлама барысында «ағайынмен байланысты үзбеу үшін не істеу керек?» деген сауалға жауап берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Гүлнәр Сиқымбаева: Шәкірттеріммен бірігіп концерт беру жоспарда бар (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112549/)