Ұлттық код деген не деген мәселеге тоқталған журналист: «Ұлттық кодты қазақтың мінезі деп бағалар едім. Бізде кеңпейілділік бар, көңіліміз ашық жұртпыз, бұл жақсы. Бірақ, бұл мінез XXI ғасырдың бәсекелесі кезінде ысырапқа бастайтын қадам емес пе? Кейде есеп-қисап керек сияқты. Прагматик дегенді есеп-қисап деп қарау керек. Ол себепті ұлттық кодты мен ұлттың мінезі деп білемін»,-дейді.
Айта кетейік, бүгінгі «Басты тақырып» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналды.
Студия қонағы – медиасарапшы, журналист Амангелді Құрметұлы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Амангелді Құрметұлы: Ұлттық кодты қазақтың мінезі деп бағалар едім (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112584/)