«Ән салады мамандар» жобасының алғашқы қатысушылары – сақтандыру компаниясының қызметкерлерінен құралған «Көшпенділер» командасы.
Тәлімгер – әнші Асхат Тарғынов.
«Мен бұл топқа сенемін. Басында топ мүшелерінің ән айтуға деген икемі келмейтін шығар деп ойлағанмын. Бірақ олай болған жоқ. Тобымдағы қыз-жігіттер ең бастысы талапты», - дейді әнші Асхан Тарғынов.
«Көшпенділер» топ Музарт тобының «Арман-ай» әнін орындады.
Айта кетейік, «Ән салады мамандар» бағдарламасының кезекті шығарылымда үш топтың ішінен үздік деп «Жолаушы» командасы танылды.
Естеріңізге саламыз, «Ән салады мамандар» музыкалық шоуы эфирге әр сенбі 20:35-те шығады.
Бағдарламаның толық нұсқасы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ән салады мамандар» жобасының алғашқы қатысушылары – «Көшпенділер» командасы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112595/)