Шыңғыс Исламғалиев жалдамалы үйде тұрғанына қарамастан мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп жүр (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыңғыс Исламғалиев жалдамалы үйде тұрғанына қарамастан мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп жүр (ВИДЕО)

29.04.2017

Әлемдік «CAF» қорының ресми дерегіне сүйенсек, мұқтаж жанға қайырымдылық жасайтын жүрегі жұмсақ адамдар туратын мемлекеттердің көшін Мьянма, АҚШ, Австралия үштігі бастап тұр. Ал, Қазақстан сараптама жасалған 140 мемлекеттің ішінде 96-шы орында тұр.

«Бір мәселе туындаса америкалықтар кішігірім топ болып, жұмыла қалады  да  сол мәселені шешіп тастайды. Бұл әдеті ұлттың бір ерекшелігі әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатыр». Бұл саясаттанушы Бақытжан Бұқарбаевтың пікірі.

Біздің елде де қайырымды жандар жоқ емес бар. Бірақ, өте аз. Соның бірі - Шыңғыс. Дәулеті тасып бара жатқаны шамалы. Жалдамалы үйде тұрғанына қарамастан мұқтаж отбасыларға керек-жарағын тасып, көмек көрсетеді. Ол соңғы демім шыққанша көпке көмегімді тигізіп үлгерсем дейді.

Осы мәселе турасында Нұрбек Бекбау зерттеп көрді.

Хабарламаларға жазылу