Қазақстан Президенті телеарна өкілдерімен кездесу барысында Астана қаласының қалыптасу тарихы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі туралы айтты, сондай-ақ көрме жұмысы аяқталған соң оның нысандарын елорда инфрақұрылымына пайдалануға қатысты сауалдарға жауап берді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылыми-инновациялық дамуы жолындағы ауқымды шара ретінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтті. Таза энергетика, «жасыл экономика» және ІТ салаларындағы жаңа әзірлемелер мен технологиялар көрменің мұрасына айналатын болады.
Сұхбат «National Geographic» телеарнасының «Мегақұрылыстар: Астана. Болашақтың қаласы» деректі фильмін түсіруге дайындық жұмыстары аясында өткізілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы «National Geographic» телеарнасына сұхбат берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112675/)