ҚР-ның Мәдениет қайраткері, композитор Ахмедия Есмұқанов пен ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ансамбль әншісі Қайыркелді Омарбек «Таңшолпанда» қонақта болып, барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.
Композитор Ахмедия Есмұқанов көптеген танымал әндердің авторы. Атап айтқанда, «АБК» тобының орындауындағы «Тамшылар» , Рахат Тұрлыханов орындаған «Бір тамшы жас», «Балапаным», «МузАрт» тобының орындауындағы «Есіл ағады» сынды әндердің авторы.
Бағдарламада композитордың жаңа «Жеңіс жыры» атты әнінің тұсауы кесілді. Оны Қайыркелді Омарбек тыңдармандарға орындап берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таңшолпанда» композитор Ахмедия Есмұқановтың «Жеңіс жыры» әнінің тұсауы кесілді (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112705/)