19 мамырда «Өнер қырандары» театры Астанада өнер көрсетеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19 мамырда «Өнер қырандары» театры Астанада өнер көрсетеді (ВИДЕО)

16.05.2017

«Өнер қырандары» театрының мүшелері Мэлс, Жанболат және Сырымбет таңғы бағдарлама қонағы болып, шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Біздің театр 3 жыл қатарынан «Берекелі мереке» концертін өткізуде. Патриоттық жанрдағы бұл шара елімізде бұрын болмаған, ҚР Мұсылмандары діни басқармасы Бас мүфтиінің бастамасымен жүзеге асырылған жоба.

Концерттегі көрініс арқылы алда келе жатқан Рамазан айына қатысты көптеген сұрақтарға жауап береміз. Концерт 19 мамыр күні Астанада және 21 мамыр күні Алматы қаласында өтеді.

Қазіргі таңда ислам діні өте өзекті мәселеге айналды. Кейбір жастарымыз теріс ағымға түсіп жатқан кезде бұл бізге Дін істері агенттігі мен Алматы қаласының әкімдігі тарапынан түскен тапсырыс», - дейді Мэлс.

 

Хабарламаларға жазылу