![Түркі әлемі деректі фильмдерінің фестиваль-байқауы 7 мемлекет пен 8 қалада өткізіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_88044.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Түркі әлемі журналистер федерациясының мұрындық болуымен биыл екінші рет түркі әлемі деректі фильм фестивалі және байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Атамекен» арнасы.
Бұл шара 27-30 қыркүйекте Стамбул қаласында гала-концертпен сондай-ақ, марапаттау рәсімімен қорытындыланады.
Таяуда Стамбул қаласында байқау-фестивальдың таныстырылымы өтті. Шараға БАҚ өкілдері, мәдениет қайраткерлері және ҮЕҰ мүшелері қатысты.
Фестиваль-байқаудың жетекшісі Мендерес Демір аталмыш шара 7 мемлекет пен 8 қалада өткізілетін айтты. Оның сөзінше, іс барысында көрермендер түркі әлемінің түрлі мәдени шараларына куә болады. Мендерес Демірдің мәлімдеуінше, байқауға туынды қабылдау 17-ші сәуірде басталған.
«Үміткерлердің 18-тамызға дейін уақыты бар. Осы уақыт аралығында қабылдау жұмысы үздіксіз жүреді. Өткен жылдан ерекшелігі, биылғы байқау екі санатқа бөлінген. Яғни, кәсіби мамандар мен студенттердің еңбектері жеке-дара қаралады », - деді шара жетекшісі.
Сөз арасында Мендерес Демір фестивальға қолдау көрсетіп отырған Анадолы Агенттігі мен басқа да ұйымдарға алғыс білдірді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркі әлемі деректі фильмдерінің фестиваль-байқауы 7 мемлекет пен 8 қалада өткізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112793/)