Бүгін қазақтың маңдайына біткен әнші Димаш Құдайбергеновтың туған күні. 2012 жылы «Жас қанат», «Восточный базар», 2015 жылы «Славян базары» халықаралық байқауларында топ жарған әнші биыл Қытай еліндегі «Singer-2017» байқауында 2-ші орын иеленді. Сонымен қатар, Димаш «Азиядағы ең атақты әнші» номинациясын жеңіп алды.
Бүкіл әлемді талантымен тамсандырған Димашты әлемдік жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы құттықтауда. Олар - Ева Лонгория мен Лара Фабиан.
Сондай-ақ, бүгін - қазақ спортының жұлдызы Илья Ильиннің өмір есігін ашқан күні. Бірқатар әлемдік және халықаралық додаларда ел мерейін асырып, абыройын асқақтатқан спортшыны туған күнімен құттытап, толағай табыстар тілейміз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таңшолпан». Әлемдік жұлдыздар Димаш Құдайбергеновке құттықтау жіберуде (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112800/)