Жеңіл асқа жерігі бар америкалықтардың 60 пайызы артық салмақ дертіне шалдыққан. Жылына Америкада 248 мың адам фаст-фудтың салдарынан қайтыс болады.
Ал, 2013 жылдан бастап Қазақстан семіздер саны көп мемлекеттердің санатында. Халқымыздың 56,2 пайызында артық салмақ бар, ал, 23,5 пайызы - өте семіз. Әлемде әр ел осы індетпен өзінше күресіп жатыр.
Фаст-фудтың зиян, тіптен у екені анық. Бірақ, жаман-жаман деумен жұртты одан қия алмайсың. Не істеу керек? Балама ретінде «ұлттық ас ауқатымызды» ұсыну қажет.
«Ұлттық ас ауқатымыз» нәрлі, сусынымыз дәмді деп кеуде қаққанмен оның бірде-біреуі дүкен сөресінде жоқ. Осы мәселенің мән-жайын Нұрбек Бекбау зерттеді.