![Қазақ және «Шалқар» радиоларын тыңдап, Джеки Чанмен кездесуге билет ұтып алыңыз!](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/9/article_95665.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Белгілі актер Джеки Чанмен кездесуге ұтыс билеттерін жеңіп алғыңыз келсе, Қазақ және «Шалқар» радиоларының таңғы бағдарламаларын тыңдаңыз!
Ертең сағат 07:00-10:00 аралығында Қазақ радиосының (106,8 FM) «Қайырлы таң, Қазақ елі!» бағдарламасында және «Шалқар» радиосының «Таңжарық» бағдарламасында билеттер ойнатылады. Қойылған сауалдарға дұрыс жауап берсеңіз, билет сіздің еншіңізде.
Әзірге бағы жанғандардың бірі – «Шалқар» радиосының Тілеуxан есімді тыңдарманы. Семей қаласынан хабарласқан ол «Таңжарық» бағдарламасының «Ханталапай» радиоойына қатысып, ұтыс билетіне қол жеткізді.
Айта кетейік, 7-маусымда сағат 15:00-де «Қазмедиа» концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен Қытай кинофестивалінің аясында Джеки Чанмен кездесу ұйымдастырылып, «Кунг-фу йога» фильмінің тұсауы кесіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ және «Шалқар» радиоларын тыңдап, Джеки Чанмен кездесуге билет ұтып алыңыз!&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112880/)