Ұлттық арна Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

06.06.2017

Ертең 15:30-да «Қазақстан» Ұлттық арнасы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді.

Басты қонақ – аңызға айналған актер Джеки Чан. Салтанатты шарада актер көрермендерге «Кунг-фу Йога» атты  фильмін тарту етеді.

Шараның бас ұйымдастырушылары  - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино  және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы. 

Айта кетейік, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

 

Хабарламаларға жазылу