«Z» тобының мүшелері Олжас, Рахат және Нұрлан бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Биыл топтан Олжас екеуміз үйленіп, ұлды болдық. Енді Нұрланның балалы болуын күтеміз. Әке болу – керемет.
Өнерге келсек, қазіргі таңда жаңа әндер жазылуда. Одан басқа бейнебаян түсіріліп жатыр. 1-2 айда тұсауын кесеміз.
7 жыл бұрын қалаға келіп, дос болдық. Содан кейін музыкалық топ болдық. Арамызда бақталас, ұрыс болмайды. Бір-бірімізге тек топта емес, өмірде де демеуміз. Отбасымызбен араласамыз», - дейді Рахат.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таңшолпан». «Z» тобы: Бір-бірімізге тек топта емес, өмірде де демеуміз (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112936/)