Лоретта О’Деннелл: Биыл тұңғыш рет Назарбаев университетінің 9 түлегі PhD дәрежесін алды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лоретта О’Деннелл: Биыл тұңғыш рет Назарбаев университетінің 9 түлегі PhD дәрежесін алды (ВИДЕО)

20.06.2017

Ел Президентінің бастамасымен қазақстандық жоғары білімнің ұлттық брендін қалыптастыру мақсатында осыдан 7 жыл бұрын Назарбаев университеті ашылған еді. Бүгінде ол Еуразия кеңістігінің дәл ортасында орналасқан абыройлы халықаралық жоғары оқу орнына айналды. Зейінді де зерделі ұрпақ қалыптастыруды мұрат тұтқан университет биыл үшінші толқын түлектерін шығарып салды. Осыған орай бүгінгі «Басты тақырыпта» Назарбаев университетінің вице-провостасы  Лоретта О’Деннелл қонақта болды.

Биылғы түлектердің өзгелерден ерекшеліктері, жетістіктеріне  тоқталған қонақ:

«Біз Назарбаев университетін тәмамдаған 737 түлектің барлығын мақтан тұтамыз. Олардың барлығы білімді, қабілетті, яғни, біз күткен сенімді ақтап шықты. Осы жыл әсіресе, ерекше. Өйткені, алғаш рет университеттің 9 түлегі PhD дәрежесін алды. Олардың миссиясы – ЖОО, министрліктер мен өзге де  түрлі ұйымдарда жұмыс істеу. Осы арқылы әрбір  түлек Қазақстанның, аймақтың, жалпы әлемнің дамуына өз үлесін қоса алады»,-дейді.

                                                                                                                  

Хабарламаларға жазылу