2015 жылғы өзгерістен соң біздегі түзету мекемелерінде сотталушыларға арналған аумақ кеңейген. Нақты айтқанда, ер азаматтарға – 2,5 шаршы метр жер, әйелдерге – 3 шаршы метр жер, ал, абақтыда дүниеге келген нәрестелерге – 3,5 шаршы метр аумақ тиесілі.
Қазақстан сотталушыларға рақымшылық жасауды қолға алған санаулы елдердің алдыңғы сапында тұр. Бүгінге дейін 9 рет амнистия жарияланған. 1991, 1994, 1996, 1999, 2000, 2002, 2006 , 2011 және 2016 жылдар.
Алдағы уақытта тағы рақымшылық жарияланса, оған кімдер ілінеді?
- Кәмелет жасына толмағандар;
- Аяғы ауыр әйелдер;
- Кәмелет жасына жетпеген немесе мүгедек баласы бар азаматшалар;
- I, II, III топ мүгедектері;
- Жасы 50-ден асқан әйелдер мен 60-тан асқан ер адамдар;
- Екінші Дүниежүзі соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;
- Аса ауыр қылмыс жасамағандар.
Бұл бірқатары ғана.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан сотталушыларға рақымшылық жасайтын елдердің алдыңғы сапында тұр (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112988/)