Әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Әншінің жаңалығы - концерт, ән, бейнебаян. Жақында «Қоңырауды неге алмайсың?» әнім және бейнебаяным шықты. Сөзін өзім жаздым.
Әндерімнің ерекше болуына себепші – қыздар. Қазақтың қыздарын қызғанамын. Намысқой жігіттердің бірімін. Аруларымыздың көбі шетелдік әндерді, әншілерді тыңдайды. Бір отырыста қыздардан «неге қазақтың әнін тыңдамайсыңдар?» дегенімде «сендердің әндеріңе тойда билеп жүрміз»,- деді. Одан бөлек, шетелдік актерлердің шаш, киім үлгілеріне қызығады екен. Қазақ жігіттерінің қай жері кем?! Сол кезде «бізде де заманға лайықты жігіттер бар» деп арнайы «Ұрланған ән» туындысын жаздым», - дейді әнші.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әбдіжаппар Әлқожа: Әндерімнің ерекше болуына себепші – қыздар (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/112996/)